Назарбаев өзін Қытайда кім деп атайтынын білді

0 18

Қытай саясаткерлері Қазақстан президентіне ерекше ықыласпен қарайтындарын айтты. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға іссапары барысында қытайлық билік өкілдерінің өзін «жолдас Әбішұлы» деп атайтынын білді,  — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл жайында Елбасыға ҚХР халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу айтты.

«Төрағамыз сіздің елге үш рет сапар шекті. Оның да, менің де есімде,  2013 жылы Астанадан Алматыға бара жатып ұшақта бірге таңғы ас ішкенсіздер. Меніңше, бұл ерекше қарым-қатынастың – достықтың нышаны. Білуімше, бұл Си Цзиньпин төрағалығы кезіндегі бірегей оқиға. Біз сізді өз арамызда жолдас Әбішұлы деп атаймыз. Бұл ерекше құрметіміздің белгісі», — деп атап өтті қытайлық саясаткер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.