Елімізде 20 мың мұғалім тесттен өте алмай қалды

0 0

Еліміздегі 20 мыңнан аса мұғалім Ұлттық біліктілік тестілеуінің межелік деңгейінен өте алмады.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мұғалімдерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеуі 26-28 мамыр аралығында республика бойынша алғаш рет өтті. Тестілеуге қатысуға өтініш берген 60,4 мың мұғалімнің тек 56,9 мыңы тестіге қатысқан.

«Ұлттық біліктілік тестілеудің қорытындысы бойынша шекті деңгейден 36272 (63,74%) тестіленуші, олардың ішінде қазақ тілінде – 23758, орыс тілінде – 12514 өтті. Республика бойынша орташа ұпай –110 баллдан 68,27 ұпай», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, тестілеу орталығындағылар тест нәтижесі бойынша ең үздік көрсеткішті «педагог-сарапшы» санатына өтініш бергендер көрсеткенін мәлімдеді.

«Педагог- модератор» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 17775. Шекті деңгейден өткендер – 11 505, оның ішінде қазақ тілінде – 7905, орыс тілінде – 3600. Орташа балл – 68,1.

«Педагог- сарапшы» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 22231. Шекті деңгейден өткендер – 13358, оның ішінде қазақ тілінде – 8965, орыс тілінде – 4393 тестіленуші. Орташа балл – 63,5 құрады.

«Педагог- зерттеуші» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 18490. Шекті деңгейден өткендер – 10652, оның ішінде қазақ тілінде – 6457, орыс тілінде – 4195 тестіленуші. Орташа балл – 68,1 құрады.

«Педагог- шебер» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 1980. Шекті деңгейден өткендер – 757, оның ішінде қазақ тілінде – 431, орыс тілінде – 326 тестіленуші. Орташа балл – 43,1 құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.