Жамбыл облысында шомылу маусымы басталғалы 4 адам суға кетті

0 5

Жамбыл облысында шомылу маусымы басталған 13 күн ішінде 4 адам суға кетті. Оның 2-еуі ересек азаматтар болса, 2-еуі балалар. Басты себеп — ыстық күнде су жағасын саялағандардың қауіпсіздікті сақтамауы. Ал, балалар ата-анасының бақылауынсыз қалғандықтан жапа шегіп жатыр. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Ұлттық арнаның сайтына сілтеме жасап.

Жамбылда жаз маусымы басталар-басталмас шақта бірнеше қайғылы оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, көпшілік қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Ішімдік ішкен үлкендер, бақылаусыз қалған бала-шаға рұқсат етілмеген жерде суға сүңгуге құмар. Статистикаға сүйенсек, өңірде өткен жылы 30 адам суға батып, көз жұмған. Оның 21-і — бала.

Дина Кәрімбаева, Медициналық–психологиялық бөлімшенің жетекші құтқарушысы:

— Кішкентай балалар ата-анасының қарауынсыз қалып, үлкен кісілер ішімдік қолданып, судағы қауіпсіздік шараларын қолданбағандықтан, суға батып жатыр.

Жаз шыға 7 мыңға жуық жадынама таратылып, ескерту белгілері қойылды. Мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан, тек өткен айда 3 бала суға кетіп, тұншыққан жерінен сәтті құтқарылды.

«Бақылаусыз бассейн жағалап, суға түсетіндердің басым бөлігі – балалар»,- дейді мамандар.

Дархан Мәдижан, құтқарушы:

— Шомылуға ата-анасыз келетін 16 жасқа толмаған балалар көп. Оларға шомылу ережесін түсіндіріп, ата-аналарымен келу талаптарын қоямыз. 

Ширина Шүкірәлиева, демалушы:

— Мен күнде осы жерде шомыламын. Құтқарушылар мен медиктерді күнде көремін. Алыс жаққа бармау керек.

Аруназ Ақансері, демалушы:

— Су ережелерін білемін. Анам үйреткен.

Өңірде жыл басынан бері 4 суға кету оқиғасы тіркеліп, 5 адам қайтыс болды.  Қара су қайғы әкелмесін десеңіз, қауіпсіздікті қатаң сақтау керек. Белгіленген  аумақта ғана дем алып, көрсетілген жерде шомылсаңыз, өміріңізге қауіп төнбейді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.