Қазақстанның қоғамдық жерлерінің кей орындарында темекі шегуге шектеу қойылған. Бірақ, темекіні тұтынушылар дәл қандай жерде тыйым салынғаны нақты белгіленбегенін айтып шағымданды.
Tengrinews.kz тілшісі заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Ерлан Галиевтен қолданыстағы заңнама бойынша елімізде нақты қандай жерде шылым шегуге тыйым салынғанын сұрап білді.
Ерлан Галиевтың айтуынша, темекі өнімдерін тұтынудың алдын алу және шектеу жөніндегі шаралар ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінде белгіленген.
Бұл заң, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында, темекі өнімдеріне шектеу мен қолданысын азайтуға бағытталған.
«Заң бойынша көше бойында, аулада, саябақтарда темекі шегуге тыйым салынбаған. Рұқсат берілген я болмаса арнайы жабдықталған бөлмеде ғана тұтына алады. Негізінде, қоғамдық жерлерде темекі шегу — заңмен қарастырылған тыйым емес, әдеп мәселесі», — деген тұжырым жасады заңгер.
Галиев заңға сүйене отырып, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 159-бабының 5-бөлігіне сәйкес темекі өнімдеріне тыйым салынған орындарды атап өтті.
Олар:
— білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда;
— денсаулық сақтау ұйымдарында;
— қоғамдық тамақтану орындарында;
— кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;
— мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;
— поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде;
— әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында;
— әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
— мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
— жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;
— үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.
Темекі шегуге рұқсат берілген арнайы жабдықталған орындар:
— қоғамдық тамақтанатын жерде;
— поездарда, теңiз және өзен көлiгiнiң кемелерiнде белгiленбеген орындарда;
— әуежай, теміржол, автокөлік және су қойма ғимараттарында.
Бірақ, темекі шегу орындары барлық талапқа сай болуы керек және ол арнайы заңмен құпталуы керек. Мысалға, әкімшілік темекіні қолдануға арнайы орын бөліп берсе де, заң бойынша үйдің кіреберісінде шегуге болмайды.
Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, қоғамдық орындарда темекі шеккендерге 3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) — 7 215 теңге айыппұл салынады. Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанған жағдайда 6 АЕК (14 430 теңге) салынады.
Ерлан Галиевтің сөзіне сүйенсек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 3-тармағына сәйкес, жұмыс беруші темекі өнімдерін тұтыну үшін арнайы орындар бөлуді көздейтін заңнаманы бұзғаны үшін, сондай-ақ темекі өнімдерін белгіленбеген жерлерде тұтынатын жұмысшылары үшін жауапты.
Бұл жағдайда лауазымды тұлғаларға және шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 24 050 теңге (10 АЕК), орташа бизнеске 60,125 (25 АЕК) және ірі кәсіпкерлік субъектілері 96,200 (40 АЕК) айыппұл төлейді.
АҚАА заңгері ерекше тыйым салуға назар аударған электрондық темекі мен электрондық қорқор түрлерін атап өтті. Оның айтуынша, заңнамада темекіні шегу процесіне емес, табак өнімдерін тұтынуға тыйым салынған.
Денсаулық сақтау кодексінің тұжырымдамасына сүйенсек, электрондық темекі мен электрондық қорқор құрамында табак жапырағы табылмаса, оны қолдануға рұқсат берілген.
Алайда заңгер,»темекі тарту» мен «психотропты заттарды қолдануды» ажырата білу керектігін атап өтті.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабының 1 тармағында есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, қоғамдық орындарда медициналық емес мақсаттарда пайдалану үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе 240,500 теңге ақша төлеп немесе 120 сағаттық қоғамдық жұмыстар атқарады я болмаса 45 күнге дейін тұтқындауда болады», — деп қорытындылады Галиев.