Жамбыл облысында 2 түлек жоғары балл жинады

0 10

Жамбыл облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуден 2 түлек жоғары балл жинады.  Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Олар – мойынқұмдық Аружан Мақсұтбеккызы мен «Алтын белгіден» үміткер тараздық Ұлдана Әбілова. Екеуі де 136 сұраққа дұрыс жауап беріп, үздік нәтиже көрсетті. Биыл өңірде «Алтын белгіні» 240, ал үздік аттестатты 197-і түлек алуы мүмкін. Ал ұлттық тестілеу арнайы жабдықталған 10 орында өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін тыйым салынған заттарды алып кіру дерегі тіркелген жоқ. Сынақтың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 87 балды құрады.

Махметқали Сарыбеков, ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссиясының төрағасы:

– Бірінші күндегі нәтижелер жаман емес. Республикалық деңгейде салыстырғанда, жоғары көрсеткіш болып отыр. 1-ші потокта өкінішке орай 76 баламыз енді ол тапсырған балалардың 9 пайызын құрайды, межелі 50 балды ала алмады.

Ұлдана Әбілова, «Алтын белгі» иегері:

– Мен 136 балл жинадым. Қыркүйектен бастап мектепте дайындалып жүрдім. Қаржыгер мамандығына түскім келіп жүрген. Енді сол мамандығыма түссем, арманыма жетем деп ойлаймын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.