Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада ұйымдастырылды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Астананың 20 жылдығына орайластырылған шараға 600 адам қатысты. Үш кезеңнен тұратын додаға өңірдің барлық аудан-қалаларынан құралған 37 команда қатысты. Олар жарыстың 6 түрінен бәсекеге түсті. Бірінші орынды Талас ауданының мемлекеттік қызметшілері иеленсе, екінші орын облыстық басқарма мен департаменттерден құралған командаға бұйырды. Ал үшінші орынға Шу ауданының қатысушылары жайғасты. Ұйымдастырушылар мұндай шараның берері мол екенін атап өтті.
Нұрлан Еркебаев, ҚР МҚІСЖҚА облыстық департамент басшысының орынбасары:
– Бұл – тиімді шараның бірі деп ойлаймын. Себебі мемлекеттік қызметші өзінің қызметінде үнемі офистік жағдайда көп қимылдамайды. Бұл шара мемлекеттік қызметшіге өзінің денсаулығына назар аударуға ықпалын тигізеді.