Қазақстанда 503 374 жас өз кәсібімен айналысып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда Қазақстан баспасөз клубында болған жиын барысында қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Шыңғыс Бескемпіров айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат — ке сілтеме жасап.
Жиын барысында мыңжылдықтар тоғысында туған жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды.
Мамандардың айтуынша, 2018 жылы Қазақстанда 146 000 жас орта мектепті бітірді.
Бұл 2017 жылға қарағанда 7%-ға артық. Еңбек нарығына шығатын жастардың саны жыл сайын өсіп келеді. Жастардың барлығын жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарын жеткілікті түрде құруға бола ма? Миллениалдар жалданып жұмыс істегісі келе ма? Жастар өзін-өзі қамтамасыз етіп, несиесіз өмір сүре ала ма? Осы және басқа да мәселелерді мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың өкілдері және табысты жас кәсіпкерлер Алматыда ортаға салды.
«Алматы қаласы әкімдігінің басты мақсаттарының бірі — кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты, соның ішінде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Қазір Алматыда 14-35 жас аралығындағы 45,20% немесе 777909 адам тұрады. Дәл осы жаста болашақ мамандық туралы, өмірдегі орным қандай деген сұрақтар туындайды. Қазақстанда қазір 503 мыңнан аса жас өз-өзіне жұмыс жасап жатыр. Олар ешкім жалданып жұмыс жасағысы келмейді. Сол себепті біз мемлекеттік аппаратқа және бюджетке түсетін салмақты азайта отырып, оларға мемлекет атынан және де жекеменшік компаниялармен ынтымақтаса отырып, көмектесуіміз қажет. Сондай компаниялардың бірі бүгін презентация жасап отыр. Біз жастардың осы бизнеске келіп, ақша тауып, заңды салық төлеп жатқанына қуаныштымыз. Жалпы бизнесте тек коммерциялық мақсат емес, әлеуметтік мақсат та өте маңызды болуы тиіс», — деді Шыңғыс Бескемпіров.
Мамандар жастарды жұмыспен қамтуда тікелей сату индустриясын тиімді вариант ретінде қарастырды.
Қазақстанда тікелей сауда индустриясында Қазақстанда қазір 800 000 адам жұмыс істеп жатыр.
«Қазақстан тікелей сату қауымдастығы өз жұмысын 2006 жылдан бері бастап келеді. Тікелей сату индустриясы тауардың немесе қызметтің тұтынушыға тікелей жетуін білдіреді. Әсіресе, мына заманда жастарға тікелей индустрия саласы көп мүмкіндік береді. Әлемде бұл бизнеспен 117 млн адам айналысып жатыр. Әлемдік айналым 189 млрд долларға жетеді», — деді Қазақстан тікелей сату қауымдастығының жетекшісі Константин Кулинич.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жастарды жұмыспен қамтуға арналған негізгі бағдарлама болып табылады. Бағдарлама мақсаттарының бірі — жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жастарға қолдау көрсету. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2017 жылдан бастап алғашқы мамандықты тегін игеру үшін жағдайлар жасалып отыр. Дәл осы тұста жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мәселесі ерекше маңызға ие болуда. Биылғы жылдың 1 мамырындағы жағдайға сәйкес 56 мың жас жаппай оқыту негізінде нақты кәсіптік дағдыларды дамытуға басты көңіл бөліп отырған осы бағдарлама арқылы мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім мен дағдыларды меңгеру арқасында жастардың жұмыс табу немесе бизнес бастау үшін мүмкіндіктері айтарлықтай дәрежеде арта түседі.
«Жастардың көп деңгейлі маркетинг саласында, қарапайым тілмен айтқанда, ұсыныс беруге негізделген маркетинг саласында тәуелсіз кәсіпкерлер ретінде еңбек етіп, бизнесті басқару және адамдармен қарым-қатынас құру бағытында жинаған дағдылары олардың бойында өмірбақиға қалады. Біздің 2016 жылы жүргізген зерттеуіміз нәтижесінде біздің қауымдастыққа мүше компаниялар аясында бизнес құрған 21705 адамның 41,87%-ы 18-34 жас аралығындағы жастарға жататынын анықтадық. Іс жүзіне келгенде, жастар ең үздік әлемдік стандарттар бойынша кәсіпкерлік мектебінде нақты тәжірибе жинақтай алады», — деді Константин Кулинич.
«Өскелең ұрпақ әрдайым жаңа стандарттарды талап ететіндіктен, жаңа технологиялар, цифрге көшу, мұның бәрі қазір компанияның басымдық беріп отырған басты бағыттары болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда біздің компаниядағы тәуелсіз кәсіпкерлердің 40%-ы 18 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жастарға жатады, бұл Азиядағы ірі нарықтардың деңгейіне сәйкес келеді, ал Еуропадағы жастардың үлесі бұдан азырақ. Біз өзі және өз отбасы үшін табыс тауып қана қоймай, сонымен бірге, қоғамға пайда әкелетін озық ойлы жас кәсіпкерлерден құралған бизнес ортаны қалыптастыруға ұмтыламыз», — деді «Amway Қазақстан» ЖШС бас директоры Лариса Волоконцева.