ҰБТ – 2018 : Жамбыл облысында ең жоғарғы 137 балл

0 3

5 күнге созылған түлектердің басты емтиханы аяқталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA білім басқармасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша маусымның 20, 21, 22, 23, 25 күндері өткен емтиханға өтініш берген 6082 түлектің 6048-і қатысты. Бұл 11-ші сыныпты тәмамдаушылардың жалпы санының 99,4 пайызын құрайды.

Тестілеуге қатыспаған 10 оқушы денсаулығына байланысты босатылса, қалған 24-і ҰБТ қатысудан бас тартты.

Облыс бойынша ең жоғары нәтижеге Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы орта мектеп түлегі Ақылжан Уралов қол жеткізді. Ол 137 балл жинады. Ал Тараз қаласы №12 мектеп-гимназиясының түлегі Ұлдана Әбілова, Мойынқұм ауданы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Аружан Мақсұтбекқызы, облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің түлегі Қарлығаш Махулбекова және Байзақ ауданы Көктал орта мектебінің түлегі Асылзат Дәуренқызы 136 балл жинады.

Биыл облыс бойынша ҰБТ-ның орташа баллы – 89,4 құраған, бұл көрсеткіш 2017 жылы 77,9 балл болған. 2141 түлек 100 — ден жоғары балл жинаса 2017 жылы түлектердің саны 1293 болған, 5411 мектеп бітіруші шекті деңгейден өткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.