Шудағы пойыз апатының негізгі себебі аталды

0 0

Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шудағы пойыз апатына себеп болуы мүмкін басты нұсқаны атады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жолдың жағдайы — негізгі нұсқа. Көктемде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына, күнделікті тексеріске, бұл жолдың жағдайына келгенде сұрақтар бар. Мен осымен 20-шы рет жауап беріп тұрмын: кімнің кінәлі екенін комиссия анықтайды», — деді Жеңіс Қасымбек тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске сала кетсек, 17 маусымда Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы аударылып, бір жасөспірім көз жұмған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.