Таразда тамызға дейін 12 IT сынып ашылмақ

0 0

Таразда тамызға дейін 12 IT сынып ашылмақ. Осыған орай, Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы, Білім басқармасы және СТЭМ академиясымен бірлескен үшжақты меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасап.

Енді партияның «Балаларға арналған ақысыз IT сынып ашу» бастамашыл жобасы аясында алғашқы IT сынып осы шілде айында ашылады. IT сыныптарға СТЭМ академиясы 3 модульден тұратын оқу бағдарламасын ұсынып отыр. Шетелдерге тамырын тереңнен жайған бұл білім беру орталығы биыл 8-16 жас аралығындағы оқушыларды оқытуға ниетті. Білім басқармасы IT сыныптар арқылы 1300 оқушыны қамту жоспарда барын айтты. Ал, қыркүйек айында Таразда 320 орындық тереңдетіп оқытатын IT лицей ашылмақ. Онда бастапқыда конкурс арқылы 7-ші сыныптар оқитын 4 сынып оқытылады.  Ал, келешекте ол оқу орнын мектеп-интернатқа айналдыру көзделген.

Рахия Тұрмаханбетова, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы:

— 1-ші қыркүйекке дейін облыстың барлық мектептерінде робототехника ашу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 1-ші қыркүйекке дейін 30 пайыз, яғни 120 мектепте, біз робототехника кабинеттерін ашатын боламыз. Облыстық бюджеттен 120-дан астам робототехникалық кабинеттерді ашуға 404 млн теңге бөлінген. Бүгінгі күнге сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр.  

Leave A Reply

Your email address will not be published.