Жамбылдық жастар Ұлттық ұлан қатарында

0 3

Азаматтарды мерзімді әскерге шақыру аясында елу үш жасты Ұлттық ұлан қатарына салтанатты түрде шығарып салды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сай, 2018 жылдың 1 наурызынан бастап көктемгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталған. Бұл жолғы әскерге шақырушылар Шымкент қаласы 6506 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын атқаратын болады.

«Халқымыздың «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» деген аталы сөз бар. Бұл сөздің тура мағынасы әрбір қазақстандық үшін үлгі, өнеге жатқандығы сөзсіз. Өйткені, ел тағдыры, тәуелсіздік тағдыры Отан қорғаушы сарбаздардың қолында, олардың жауапкершілігінде»,- деді Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Ғалмат Даминов.

Іс – шара барысында, әскерге шақырушылардың ата-аналары Облыстық жинақ пунктінде балаларының тұрмыс-тіршілігімен танысты.

«Мен баламды сенімді қолға тапсырып отырғаныма ризамын, менің балғын балам әскерден өзіне сенімді, батыл жігіт болып келеді, «Отан қорғаушы мен патриот ерлерді, тек Армия тәрбиелейді» деген сөз бекер айтылмаған ғой» — деді әскерге шақырылушы анасы Гүлжан Ермекқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.