Жамбыл облысында 2 жасар бала суға батып кетті

0 4

Бұл туралы ТЖД тәулік сайынғы ақпаратында мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұрмыстағы жазатайым оқиға 27 маусымда сағат 10:20-да Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы, Жамбыл көшесі үйдің ауласында, 2016 жылы туылған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, байқаусызда су құйылған сиымды ыдысқа құлап, батып кеткен. Баланың денесі туыстарымен шығарылды» — делінген хабарламада.

2 жасар бала анасымен бірге бақшаны суарып жүріп, су толтырылған арнайы ыдысқа абайсызда түсіп кеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша баланың денесін жарты сағаттан кейін, судың бетіне қалқып шыққанда тапқан. Баланың денесі кеше жер қойнына тапсырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.