ТЖД хабарлауынша тұрмыстық өрт бес қабатты тұрғын үйден шыққан, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«28 маусымда түскі сағат 14 шамасында Тараз қаласындағы Жайлау мөлтек ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатында пәтер өртенген. Нәтижесінде 2 адам басқа орынға көшірілді», — делінген хабарламада.
Өрт сағат 14:53 — те оқшауланып сағат 15:01-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 23 қызметкері мен 6 техниканың күшімен толық сөндірілген. Қаза болғандар және жарақат алғандар жоқ.
Осы күні, сағат 12:00 – де Сарысу ауданы, Түркістан ауылына қарасты, «Тереңсай» жерінде, «МТЗ-80» маркалы м/н 646 Т/НАМ трактордың және тіркеменің өртенуі болды. Нәтижесінде тіркеме отпен толықтай жанып кетіп, трактор зақымдалған. 13:50 – де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 3 қызметкері мен 1 техниканың күшімен толық сөндірілген. Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ.