Таразда  Экофестиваль өтті

0 6

Таразда  «Тараз — ежелгі жасыл қала!»  ұранымен экологиялық фестиваль өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.  

Республиканың білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, Тараз таза, жасыл қала, энергияны үнемдейтін технологиялар, қоқыстарды бөлек жинау идеясы, балалар мен жастарды ақпараттандыру, ата-аналарға экологиялық ерікті қызметтің негіздері туралы экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

БҰҰ Даму бағдарламасы «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту» қорының қолдауымен өткізіліп отыр, осы ауқымды іс-шара республикалық «Вместе ярче!» фестивалі өтіп жатқан Тараз сегізінші қала болып есептеледі. Іс – шара кезінде мамандар  серіктесі  «BOSCН» компаниясымен  бірге «Энергия тиімділігі» квест ойынын жүргізеді.

«Бұл халықаралық фестиваль, Қазақстан эстафетаны Ресейден қабылдап алды, еліміздің барлық қалаларында іс – шаралар өткен соң, эстафетаны Арменияға табыстайды. Фестивальдің мақсаты — қоғамның экологиялық мәдениеті мен сана-сезімін ояту. Білім берудің барлық деңгейін қамтитын осы фестивальдің арқасында «жасыл» энергияны үнемдейтін технологияларды қолдана отырып, қалаларды жетілдіру бойынша маңызды жобалар анықталды», — деді Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен бірлескен  БҰҰ-ның Қазақстандағы бағдарламасының үйлестірушісі Әлия Ахметова. 

Фестиваль қонақтары ТарМУ-дың зертханалары мен ғылыми-өндірістік орталықтарын аралап,  мекеменің ғылыми әлеуетімен танысты. Мұнда олар тұрақты дамуға бағытталған экологиялық маңызды жобалар таныстырылды. Олардың көпшілігі іс жүзінде университет қабырғасында қолданылуда.

Іс-шара алаңында Эко-этнотуризм тақырыбында Жамбыл облыстық өлкетану мұражайының кең ауқымды көрмелері, Техникалық шығармашылық және өнер мектебі оқушыларының  қолданбалы өнер туындылары,  «Тараз — менің ежелгі жасыл қалам» тақырыбында  «100 мольбертов» атты  шығармашылық  туындылары  ұсынылған.

«Жамбыл жоғарғы политехникалық колледжінің білімгерлері мини-футбол алаңын жел турбиналары  шығаратын энергиямен  жарықтандыратын  күн батареяларының макетін жасап шығарды», — деді колледждің өндірістік оқыту мастері Балнұр Қорлыбаева. 

Іс-шарада «Бала Даусы» республикалық байқауының жеңімпазы Тараздық Дияр Берікұлы «Вместе ярче!» фестивалінің  ұранын көппен бірге  орындады.

Содан кейін, «Вместе ярче!» экологиялық фестивалінің  символы,   адамдар   қоршаған ортаны қорғау үшін, қайтып келмейтін уақыттың белгісі саналатын құмсағат  Тараз қаласы әкімдігінің өкілдерімен фестивальдің жұмысын жалғастыратын Павлодар қаласына  табысталды. Таразға дейін Эко-фестиваль Көкшетауда өткен болатын.

Кездесу соңында,  ҚР әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасының орынбасары Татьяна Немцан ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, бүкіл Қазақстан бойынша «ақылды қалаларды» дамытуға арналған акцияға шамамен 40 мың адам қатысқанын атап өтті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.