Таразда «Астана – аймақтардың арқауы» атты форум өтті

0 0

Еуразия жүрегіне айналған Астана қаласына 20 жыл толып отыр. Мерейлі мерекеге орай бүгін Тараз қаласы «Астана – аймақтардың арқауы» атты облыстық форум болып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Өздеріңіз білетіндей, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын жалпыхалықтық деңгейде атап өтудегі себеп — Астана — XXI ғасырдағы 10 жыл ішінде бой көтерген жалғыз елорда, ал Қазақстан — екі ғасыр тоғысында жаңа астана салған жалғыз ел.

Сондай-ақ, Астана – өңірлердің қарқынды дамуының басты факторы, олардың ілгері басуының драйвері іспетті. Бүгінгі елорда – Қазақстандағы барлық оң бастамалар мен өзгерістердің тұстары. Астана дамуға серпін беретін республиканың барлық өңірі үшін тартылу орталығы болып табылады.

 

«Бүгінде төрткүл дүниеге тыныштық пен теңдіктің, өркендеу мен өрлеудің үлгісін көрсетіп отырған Астананың 20 жылдық торқалы тойы – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің бір кезеңі, ұлттық республикамыздың жаңа белесі деп білеміз. Екі ғасырдың өліарасында буынын бекіткен, халықтың көз қуанышына айналған Астана – өзінің мерейлі мерекесіне орасан зор табыстармен келіп отыр. Өйткені, қысқа ғана 20 жыл ішінде ұлттық культке, мемлекеттік брендке айналған елордамыз – мәңгілік мемлекеттігіміздің, асқақ рухымыздың нышаны! Сондықтан да, бүгінгі «Астана – аймақтар арқауы» атты форумның мәні мен маңызы бөлек. Өйткені, өркендеу мен дамудың Қазақстандық жолын қалыптастырған еліміздің даму бағдары – Астананың дамуымен тамырлас! — деп атап көрсетті аймақ басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.