Жамбылдықтар домбыра күнін тойлады(ФОТОРЕПОРТАЖ)

0 4

Бүгін Тараз халқы Ұлттық домбыра күнін атап өтуге Жамбыл Жабаев ескерткішінің алдына жиналды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Облыстың мақтанышы, белгілі күйші, композитор Әбдімомын Желдібаев пен  ҚР Мәдениет қайраткері Аман Молдыбаев Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Облыстық қазақ драма театрының өнерпаздары  «Добыра үні» атты театрландырылған қойылым көрсетті.

Айтулы мерекені Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов тұрғындармен бірге тамашалады.

Аталған іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқтар Рахманқұлов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей және Халықаралық конкурстардың лауреаты Адай Жұмат домбырашыларға дирижерлік етті.

Шара соңында көкке 250 шар ұшырылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.