Шу ауданы: 1 шілде — Ұлттық домбыра күні аталып өтті (ФОТО)

0 13

Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы №699 Жарлығымен ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыру мақсатында Ұлттық домбыры күні мерекесі айқындалған болатын. Шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін ұлттық рух мерекесі биыл бірінші шілде күніне сәйкес келіп, Шу ауданы тұрғындары оны лайықты дәрежеде атап өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Шу ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аудан орталығындағы алаңға жиылған жұртшылықты аудан әкімінің орынбасары Ә.Балқыбеков құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

Домбырашылар өз кезегінде «Ерке сылқым» «Балбырауын» «Көңілашар» «Адай» күйлерін орындап, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары сазды бағдарлама ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.