3 шілде 2018 жылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары -2018» өңірлік көрме-байқауы өтеді. Бұл туралы Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы хабарлайды.
Байқау мақсаты – кәсіпорындар жұмысының белсенділігін арттыру, отандық тауарлардың сапасын жақсарту, нарықты бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыру.
Байқау «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар», «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша өткізіледі. Бүгінде Жамбыл облысының 78 кәсіпорны байқауға қатысуға өтініш білдірді.
Байқауға қатысушы кәсіпорындар өнімін бағалайтын сарапшы топ құрамында Жамбыл облысы кәсіпркерлер палатасының, «НаЦЭкС» АҚ ЖФ, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Жамбыл облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тағам объектілеріне санитариялық-гигиеналық бөлімі, «Нұр Отан» ХДП мамандары шағын және орта бизнес жұмысшыларының облыстық комитет кәсіподағы бар.
«Қазақстанның үздік тауары -2018» өңірлік көрме-байқауында өндірістік, киім-кешек, жиһаз өнімдері және тағы басқа да тауарлардың түрі көпшілік назарына ұсынылады.
Сарапшы топ көрме-байқауға қатысушылар ішінен үш аталым бойынша 9 кәсіпорынды таңдауы қажет. Жеңімпаз кәсіпорындар республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы аясында Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдердің «Жыл жаңалығы», «Жыл жетістігі», «Жыл серпілісі» аталымдары боынша шағын байқауы өтеді.
Байқаудан соң отандық тауарөндірушілердің өнімдерін нарық бағасын төмен бағада сатылатын болады.
Өтетін орны мен уақыты: Жамбыл облысы, Тараз қ., Тәуке хан к-сі, 22, «Тараз Арена» спорт сарайы, 3 шілде 2018 жылы, сағат 09:00.