Жамбыл облысында қолөнер жәрмеңкесі өтті

0 0

Жамбыл облысында  Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Осыған сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Үміт сыйла» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер  бұйымдарының жәрменкесі өткізілді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Jambyl  телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәрмеңкеде ағаштан, киізден, моншақтан жасалған түрлі қолөнер бұйымдары сатылды. 30 қатысушының күні-түні жасаған еңбегінің нәтижесінде туған заттардың сапасы жақсы, бағасы қол жетімді екен.

Бас партия елорданың 20 жылдық мерей тойына орай, 20 маусымнан бастап «20 қайырымдылық іс» республикалық акциясын қолға алған.

Акция барысында  мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысы бағаланып, оларға «Нұр Отан» партиясының атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.