Жамбыл облысында медициналық орталықта сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды

0 9

Жамбыл облысында «Проф Мед» ЖШС медициналық орталығының жұмысында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Азаматтық бақылау» жобасын жүзеге асыру аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Проф Мед» ЖШС медициналық орталығының жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өткізу бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижесі бойынша Медорталық — 56% сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдау көрсеткішіне сәйкес екендігін байқатты. Осыған сәйкес, жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы «Құпия сатып алушы» тәсілімен іс-шаралар жүргізілуіне негіз болды.

Аталған тәсілмен жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, Медорталықтың дәрігер-окулисті көзі нашар көретінін жеткізген азаматтан 1000 (бір мың) теңге сыйақы алу арқылы оған оң қорытынды шығарып берген.

Сондай-ақ, облыстық психоневрологиялық диспансер қызметкері де осындай әрекеттерге барған. Ол тексерілушінің қатысуынсыз 1000 теңге (бір мың) көлеміндегі ақшалай сыйақыға психологиялық тест бланкісін өз қолымен толтырып берген.

Айта кетерлігі, мониторинг нәтижесінде Медорталықтың мемлекеттік мекеме еместігі және онда мемлекеттік қатысу үлесі жоқтығы белгілі болды. Осыған байланысты, аталған фактілер жөніндегі материалдар Жамбыл облысының құзырлы органдарына тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.