Облыс жастары Жамбыл және Түркістан өңірлерінің тарихи-мәдени орындарымен танысады

0 0
Ағымдағы жылдың 3-4 шілдесі аралығында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Жамбыл және Түркістан облыстарының тарихи-мәдени орындарына «Тарихқа тағзым» атты облыстық жастар экскурсиясы өтеді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.
250-ге жуық облыс жастарының басын қосатын шара жастардың тарихи-мәдени орындармен жақын танысып, аймақтың киелі жерлерін аралауға арналады.
Жастар саяхатының салтанатты ашылуы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында бастау алып, қатысушылар экскурсия бағыты бойынша Тараз қаласындағы Қарахан, Дәуітбек кесенелеріне, Ерте ислам дәуірінің мешітіне жол тартады. Төрткүл керуен сарайында болып, тарихи орынмен танысады. Одан әрі Т.Рысқұлов ауданындағы Ақыртас кешені, Құлан қалашығы құндылықтарының сырын ұғынбақ.
Саяхаттың екінші күнінде қатысушылар Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі, Бауыржан Момышұлының мемориалды мұражайы, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелерінде, сонымен қатар Қазығұрт, Бәйдібек аудандарындағы Қошқар ата, Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері, Ақмешіт әулие үңгірі сынды киелі жерлерде болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.