Меркі ауданы Ақермен ауылдық округінде Астананың 20 жылдығына, Меркі ауданының 90 жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» атты қымызмұрындық мерекесі өтті. Онда ұлттық салт-дәстүр, қолөнер туындылары көрсетіліп, кітап көрмесі, ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі қойылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Бұл туралы «Zhambylnews»AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қымызмұрындықта» қымыздың төрт түрі: бал қымыз, сары қымыз, құнан қымыз, жуас қымыз таратылды. Әрбір келген қонаққа ұлттық тағамнан тәм татқызып, ауылдық тұрғындары айтыс өнерін тамашалап, ұлттық әндерді тыңдап, асық, арқан тартыс, қазақ күресі, қол күрес секілді спорттық жарыстарды да тамашалады. Бала бақша қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен қуыршақ театры да қойылым арқылы ұлттық мерекенің құндылықтарын көпшілікке жеткізе білді.
Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар әр ауылдық округтерде жалғасын таппақ.
Алпыс Сатыбалдиев, АҚЕРМЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
— Біз мінекей бүгінгі мерекеде ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудамыз.