Астананың 20 жылдығы аясында Елордада Жамбыл облысының күндерін өткізу жоспарланып отыр. «ЖАҢАРҒАН ЖАМБЫЛДАН — АСҚАҚТАҒАН АСТАНАҒА!» атты айдар тағылған ауқымды шара барысында Әулиеата өңірінің қасиетті құндылықтары, өресі биік өнері насихатталмақ. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.
Сарыарқа төріндегі облыс күндері 12-13 шілдеде «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде, Есілдің жағасындағы амфитеатрда өтетін болады.
«Ел жүрегі – Астана» атты бас қаланың 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы аясында Жамбыл өңірінің өнері мен мәдениетін кеңінен насихаттау – Астана қаласы тұрғындарына на тарту ретінде ұйымдастырылуда. Онда қолөнер шеберлерінің және музей қорының жылжымалы көрмесі өңірдің бай тарихы мен мол мұрасы туралы мәлімет беретін болады.
Сонымен қатар, театрландырылған қойылым, өнерпаздардың гала концерті аясында әсем ән мен тәтті күй Сарыарқа төрінде әуелемек. Жамбыл облысының Астанадағы күндерін — мәдени – рухани байланыстың көкжиегін кеңейтіп, өңірлердің бас қаламен тығыз байланыста сабақтаса дамуының жалғасы деп қараса болады.
Осылайша, Жамбылдықтар елдік пен теңдік тойының мәнін ашып, мазмұнын байытар ауқымды шараны жүзеге асырғалы отыр.
Бағдарлама:
12 шілде (бейсенбі)
19.00-20.30 — Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясын сахналау
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
19.00-20.30 — Жамбыл облыстық орыс драма театры, А.Коровкиннің «Тётки» комедиясын сахналау
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
13 шілде (жұма)
10.00-18.00 — Жамбыл облысы қолданбалы қолөнер шеберлерінің және музейлер қорынан құнды жәдігерлердің жылжымалы көрмесі «Қазанат» қалалық ипподромы аумағындағы Этноауыл
14.00 – 14.20 — Жамбыл облысының мәдениет күндерінің ашылуына арналған театрландырылған қойылымы
«Қазанат» қалалық ипподромы аумағындағы Этноауыл
14.30-16.00- Жамбыл облыстық филармониясының «Жаңарған Жамбылдан – Асқақтаған Астанаға!» атты мерекелік концерті
«Қазанат» қалалық ипподромы аумағындағы Этноауыл
20.00-21.30 Жамбыл облысы өнерпаздарының «Жаңарған Жамбылдан – Асқақтаған Астанаға!» атты Гала-концерті
Амфитеатр