ТОП-5: Қазақстандықтар қандай автокөліктерді көп сатып алады

0 2

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы осы жылдың мамыр мен маусым айларындағы көрсеткіштерді салыстыра отырып, Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылымы 5 пайызға өскенін жария етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық диллерлер маусым айының ішінде 5314 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техникаларды, 249 ауыр жүк көлігі мен автобусты сатып үлгерген. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша (2017 жылдың қаңтар — маусым айларымен салыстырғанда), нарық 35,7 пайызға немесе 27162 автокөлікке ұлғайған.

«Сатылымы ең жоғарғы жеңіл автокөліктердің маркалары бойынша екінші ай қатарынан Toyota (1437 автокөлік) көш бастап тұр. Алты айдың ішінде аталған марканың 5599 көлігі сатылған. Екінші орында — Lada. Бір айдың ішінде қазақстандықтар 1184 Lada маркалы көлікті сатып алған. Десе де, алты айдың қорытындысы бойынша Lada бәрібір бірінші орында — жыл басынан бері аталған маркадағы 5 879 көлік сатылған. Үшінші орын Қостанайда шығарылатын Hyundai маркасына (760 көлік сатылған) тиесілі. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларының ішінде қазақстандықтар Hyundai маркалы 3 398 көлікті мінген. Алты айдың ішінде 1709 көлігі сатылған Ravon мен бір айда 242 көлігі сатылған (алты айдың ішінде 1269 көлік сатылған) Kia төртінші орында. Бестікті бір айда 227, алты айда 919 көлігі сатылған Nissan түйіндейді», — делінген хабарламада.

Сонымен бірге, зор сұранысқа ие көлік маркаларының тізімінде Renault (бір айда 183, алты айда 712), JAC (бір айда 147, алты айда 673), Lexus (бір айда 129, алты айда 593), Volkswagen (бір айда 104, алты айда 599, UAZ (бір айда 101, алты айда 579) тұр. Модельдерді таңдау көшінде бұрынғыша барлығының алдында Toyota Camry ешкімге есесін беретін емес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.