1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай облыс орталығында «Домбыра — Думан» атты ән – күй байқауы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жастар арасында қазақ халқының мәдени-рухани, ұлттық құндылықтарын насихаттау, отансүйгіштікке баулу, қазақтың қара домбырасы арқылы ұлтымыздың төл өнерін дамыту мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған.
Аталған байқауда домбыраның құлағында ойнайтын қатысушылар кез-келген музыкалық композицияны жалғастырып, кез-келген музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен дуэт ретінде орындау шеберліктерін сынға салды.
Әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың орындау техникасын бағалап, үздік орындағандар дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.