Таразда Домбыра күніне арналған концертке 100-ден астам бала қатысты

0 1

Қазақстан Республикасының Ұлттық Домбыра Күніне арналған мерекелік концертке  100 — ден астам бала қатысты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында Домбыра күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы «Күй ойнайды қазағымның қанында» атты мерекелік концерт өткізді.

Мерекелік кеште «Алтын домбыра» биі орындалып, Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев және басқа да танымал қазақ композиторлары мен домбыра шеберлерінің шығармалары жиналған көпшілікке керемет көңіл – күй сыйлады.

Концертте «Өрлеу» музыкалық мектебі оркестрінің тәрбиеленушілері, «Жас Дәурен» балаларға арналған үлгілі хореографиялық ансамблі,  «Камертон» эстрадалық вокалды студиясы өнер көрсетті.

Сонымен қатар, көрермендер үшін арнайы жүлделер мен сыйлықтар әзірленіп, танымдық — көңілді сауалнама өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.