Шу ауданы мемлекеттік қызметшілер күнін жоғары дәрежеде атап өтті

0 3

23-маусым мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күнін атап өту мақсатында аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Қ.Ә.Досаевтың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» АА Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері арнайы шақырылып, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ аудан әкімі Қ.Ә.Досаев қос кәсіби мерекеге орай құттықтау сөзін арнап, облыс әкімі А.И.Мырзахметовтің Құрмет грамотасы және Алғыс хатын Шу ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің бас маманы Есмамбетова Лиза Өтемұратқызына және аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Жүнісәлиев Мәлік Маханғалиұлына және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының грамотасымен спорт бөлімінің басшысы Мәуленов Қасымхан Шатырханұлына табыстады.

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас маман М.Е.Оңланбаев ант қабылдап, аудан басшысынан қызметтік куәлігін алды.

Сонымен қатар бірқатар мемлекеттік қызметшілерге және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне де аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Құрмет грамотасын тапсырса, аудандық маслихат хатшысы Е.Өмірәлиев Шу ауданының Құрмет грамотасын өз иелеріне табыстады.

Жиын соңы мерекелі концертке ұласып, жиналғандар көтеріңкі көңілмен тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.