Қазақстанда дарынды спортшы Денис Тенге арналған кітап шығарылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
60 беттен тұратын «Біздің Денис» атты кітапқа спортшының өмірбаяны, оның берген сұхбаттары және спортшының елі, отбасы мен өмір жайлы айтқан сөздері енгізілген. Сондай-ақ, басылымға бала Денистің фотосуреттері, түрлі жарыстар мен іс-шаралар кезінде жасалған естелік фотолар жинақталған.
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен шығарылып отырған кітаптан отандасымыз жайлы әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың еске алу сөздерін, спортшыға арналған өлең жолдарын оқуға болады.