«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БОЛЖАМДАР ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» РММ МӘЛІМЕТТЕРІ БОЙЫНША АСА ҚАУІПТІ ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ЖӘНЕ КАРАНТИНДІ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ТАРАЛУЫ 5,1 МЛН ГЕКТАР АЛАҢДА БОЛАДЫ ДЕП БОЛЖАНҒАН. ОНЫҢ ІШІНДЕ АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ 2,4 МЛН ГЕКТАР, ҮЙІРЛІ ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІ 1,9 МЛН ГЕКТАР (ИТАЛИЯНДЫҚ ПРУС – 1,0 МЛН ГЕКТАР, АЗИЯЛЫҚ ШЕГІРТКЕ – 0,3 МЛН ГЕКТАР, МАРОККО ШЕГІРТКЕСІ – 0,6 МЛН ГЕКТАР ЖӘНЕ САЯҚ ШЕГІРТКЕЛЕР – 441,4 МЫҢ ГЕКТАР)», — ДЕДІ ҚАДЖЫБЕКОВА.
Оның айтуынша, қауіпті зиянды организмдермен күрес жөніндегі қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 3,57 млрд теңге бөлінді. Оның 1,3 млрд теңгесі — үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге және 1,5 млрд теңгесі — бидай ауруларына қарсы химиялық өңдеулерді жүргізуге бағытталған.
«ҚОРҒАНЫС ІС-ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ 540 БІРЛІК БҮРІККІШ ТЕХНИКА ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН. ОНЫҢ ІШІНДЕ 37 ҰШАҚ, 31 АСА ЖЕҢІЛ АВИАЦИЯ, 33 АЭРОЗОЛЬДІ ГЕНЕРАТОР, 141 УЛЬТРО АЗ КӨЛЕМДЕГІ БҮРІККІШ, 106 ЖЕРҮСТІ ЖӘНЕ 192 ИЫҚҚА ІЛЕТІН БҮРІККІШ БАР. 2017 ЖЫЛЫ 300 БІРЛІК ТЕХНИКА ТАРТЫЛҒАН БОЛАТЫН», — ДЕДІ А.ҚАДЖЫБЕКОВА.
Маманның айтуынша, зерттеу іс-шараларын жүргізуге 492 зерттеуші мен 432 бірлік автотехника қатысуда. Қазіргі таңда шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер аяқталуға жақын. Жоспарланған 1,9 млн гектардың 1,8 млн гектар алаңында өңдеулер жүргізілді. Ауыл шаруашылығы егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ.
Көрші мемлекеттердің тарапынан шағым-талаптарды болдырмау мақсатында ҚХР, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерін анықтау жұмыстары бірлесіп жүргізілуде», — деді Ажар Қаджыбекова.