Жамбылдық ұстаздарға кәсіподақ қорынан 3.9 млн.теңге сыйақы берілген

0 9

2015-2016, 2016-2017, 2017-2018 жаңа оқу жылдарының қарсаңында 74 ұстазға облыстық кәсіподақ қоры есебінен 3.9 млн.теңге сыйақы табыс етілген, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA .

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, сыйақы мұғалімдердің дәстүрлі Тамыз кеңесінде, «Мұғалім күні» кәсіби мерекесіне орай оқу жылы барысында жоғары көрсеткішке қол жеткізген ұстаздарға беріліп келген.

Сонымен қатар, кәсіподақтың құқықтық инспекциясы дұрыс төленбеген жалақы, заңсыз ұстап қалулар, жұмыстан заңсыз шеттету, мұғалімдік санаттар үшін, іс-сапар шығындары, денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағы деген сияқты бірнеше түрлі төлемдердің, яғни осындай әлеуметтік кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету барысында 2015 жылы мұғалімнің қалтасына 66 млн. теңгені қайтарса, 2016 жылы — 43 млн., 2017 жылы — 141 млн., 2018 ж. 6 айында алғашқы есептеулер бойынша 158 млн теңгені білім саласы өкілдерінің игілігіне қайтарды. Бұл нақты есептелген, арнайы құжаттармен расталған экономикалық эффект.

Leave A Reply

Your email address will not be published.