2018 жылдың тамыз айында Қазақстан тұрғындары 10 күн демалады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамыз – сейсенбі күніне тура келеді. Бұл күні бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге демалыс жарияланған. Одан бөлек тамыздың 4-5, 11-12, 18-19 және 26 жұлдыздарына сәйкес келетін, күнтізбеде қызылмен белгіленген сенбі-жексенбі сынды заңды демалыс күндері бар.
Конституция күніне орай күнтізбеде демалыс деп белгіленген 30 тамыз биыл бейсенбіге сәйкес келеді. Сол себепті сенбі, яғни 25 тамыз жұмыс күні деп жарияланып, ондағы демалыс 31 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар 30-31 тамыз (бейсенбі, жұма) және 1-2 қыркүйек (сенбі-жексенбі) күндері қатарынан 4 күн демалады.
Айта кетейік, 2018 жылға арналған Қазақстандағы мереке және демалыс күндер тізімін Электронды үкімет порталынан қарай аласыздар.