Жамбыл облысы бойынша ЖД 158/1 мекемесінде Елбасы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы нөмірі 387 жарлығы аясында «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жоба жалғасын табуда. Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сотталған азаматтарды қайта жұмысқа орналастыру жобасы аясында «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор. Бұл жоба арқылы темір тордың ар жағындағы айыпталушылар саны да азаймақ. Нұргелді Аманқұлов жазасының қалған бөлігін айыппұл төлеп құтылмақ. Абақтыдан босап шыққан азаматты Жамбыл облысы пробация қызметі, тараз қалалық жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері күтіп алды.
Сонымен қатар, Аманқұловтың босап шығуына байланысты оған бос жұмыс орындарын ұсынып, тіркелу тәртібін де айтып түсіндірді. Кездесу соңында сотталушыға тәртіп сақшылары қайталап құқық бұзушылыққа жол бермей, бостандықта туыстық қатынасын нығайтып, қоғамға қайта бейімделуі керектігін ескертті.
Жанболат ЖҰМАЛИЕВ. ЖД 158/1 мекемесі мекеме бастығының орынбасары:
— ЖД 158\1 мекемесінің бүгінгі осы шаруашылық қызметіне қалдырылған, сотталған азамат өзінің жазасының жеңілдетілген жағдайына ауыстырылуына байланысты, жеңілдетілген жағдайға ауыстырылуы бойынша босатылды.