Таразда екінші ІТ-сынып ашылды

0 9

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалының қолдауымен, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Алтынбек Қоразбаевтың демеушілік жасауымен және Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен №30 мектеп-гимназиясында ІТ-сынып ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Аталмыш іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Шукеев, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ғ.Әбдірайымов, қалалық білім бөлімінің басшысы М.Жинақбаева, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтары, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Интернетке қосылған. Сонымен қатар, робототехника және 3D модельдеу үстелдері орналасқан. 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен   оқытылады.

Сондай-ақ, ІТ-сыныпта оқушылар 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава», 2-ші оқу модулінде робототехниканы меңгеріп, оқушылар «Лего» және «Арудинно», ал 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді, «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын меңгереді.

Бұдан бөлек, қалада тағы да 3 коворкинг орталық және 1 білім орталығын ашу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.