Тараз қаласындағы балалар ауруханасының бас дәрігері жұмыстан қуылды

0 13

Тараз қаласындағы облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері жұмыстан қуылды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Себебі, егу бөлмелерінде еден сүрткіштер мен тазартқыш құралдар толып тұр. Жеделсаты да істен шыққан. Кемшіліктер аймақ басшысының тапсырмасымен аталған мекемеге ескертусіз барған жұмысшы топтың тексерісі кезінде анықталды. Бұл мекеменің жұмысы мен қызметіне жиі сын айтылады. Соған қарамастан кемшіліктің түзетілгені аз. Бактериялық себу және егу бөлмесі тазартқыш құрал-жабдықтарын қоятын орынға айналған. Алынған сынамалар науқас жататын палаталарда сол күйі ұмыт қалған. Дәрі құтылары құжаттарға арналған сөре маңында шашылып жатыр. Ал, тоңазытқыштағы көкөністердің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Емдеу мекемесіндегі бейберекетсіздікті көзбен көрген облыс әкімінің орынбасары сала басшысына кемшіліктерді тез арада түзетуді тапсырды.

Хамит Мырзақасымов, Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

— Айтылған фактілердің бәрі анықталды. Осы фактілерге байланысты Денсаулық сақтау басқармасы атынан шешім қабылданды және Жамбыл облыстық инфекциялық аурулар ауруханасының бас дәрігері орнынан босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.