Бишімбаев пен Ермегияев бостандыққа шығуы мүмкін бе?

0 1

Қылмыстық саясатты ізгілендіру туралы заңда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды босату көзделмеген.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеуінше, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев қылмыстық саясатты ізгілендіру аясында мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды.

«Жоқ, әрине. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды. Ізгілендіру адамның кім екеніне емес, оның жасаған қылмысына байланысты. Бишімбаев болсын, Ермегияев болсын, егер оларда заңды күшіне енген қылмыс құрамы болса, онда олар бұл санатқа кірмейді», — деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, қылмыстық саясатты ізгілендіру қоғамға шын қауіп төндіретін адамдарды оқшаулауға бағытталған. Ауыр қылмыс жасағандарды, соның ішінде қарақшылар, адам өлтіргендер мен педофилдерді ешкім түрмеден босатпайды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.