Өңірде цифрлы жүйеге көшу басталмақ

0 6

Жамбыл облысында цифрлық телерадио хабарларын тарату жүйесіне көшу бойынша қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлназ Сматілдаева, «Қазтелерадио» АҚ-ның облыстық филиалы директорының орынбасары Антон Серегин, «Қазтелерадио» АҚ-ның облыстық филиалы сату орталығының бас маманы Мәншүк Иманбердиева, «Jambyl» телеарнасының аға инженері Ербол Жасұзақұлы осы орайда «Қарасу» иініне қарасты №51 орта мектебінде №5 аумақтық округ бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №262 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысында аналогты эфирлік телевизияны 2018 жылдың  31 желтоқсанына дейін өшіру жоспарлануда. Осы мәселеге қатысты барлық 11 аумақтық округтарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, –  деді Гүлназ Есенғалиқызы.

Жиын барысында тұрғындар көкейіндегі сұрақтарына нақты жауап алып, бұл шара  қай мерзімнен бастап іске қосылатынынан хабардар болды.

«Alma tv», «Otau-ға» және тағы басқа да әлеуметтік желі арқылы аталмыш жүйеге  бұрыннан қосылғандарға, бұл мәселе қатысты емес. Себебі, олар қажетті арнада, дұрыс бағытта тұр. Тек ескі жүйемен телеарна көріп отырғандар ертерек түсініп алуы қажет. Теледидар өзінің бағдараламасымен 26 арнаға қосулы тұрса болғаны. Бұл мәселе бойынша басылымдар мен телеарналарда хабарлама таратылған», –  деді ұйымдастырушылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.