Тараздық тұрғындарға қыркүйек айынан бастап ыстық су беріледі

0 7

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Таразда қала тұрғындарының игіліне ыстық су беріледі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Тараз қаласында жылу желілерінің жалпы ұзындығы 248,6 шақырым. Бүгінгі күнге басты мәселелердің бірі – қаладағы жылу желілерінің жоғарғы тозу деңгейі. Ал ол  67 пайызды көрсетіп отыр. Осы орайда, облыс орталығының жылумен қамту желілерінде 2020 жылға дейін тозу деңгейін азайтуға кешенді бағдарламасы әзірленіп, соның ішінде 16,8 млрд. теңгеге 21,6 шақырым жылу желілерін ауыстыруға іс-шаралар қаралған. Жобаларды «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық  даму бағдарламасы аясында жүзеге асыру көзделген.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.