Жуалы ауданында дінтанушы мамандарының, ауыл имамдары мен тұрғындардың қатысуымен «Дін және қоғам» тақырыбында жиын өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
««Таблиғи Жамағат» ұйымы — экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасында 2013 жылы Астана қаласы прокуратурасының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотымен халықаралық экстремистік ұйым деп танылып, оның қызметіне тыйым салынған. Сондай-ақ, Ресей Федерациясында, Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларында да сот тәртібімен экстремистік деп танылып, оның қызметіне тыйым салынған»,- деді Оңалту орталығының инспекторы теологы Жандос Өзбекәлиев.
Ол ұйымның Шариғат үкімдеріне қайшы келетін өзіндік қате-кемшіліктеріне тиянақты тоқталып, жиналғандарды діни сауатты болуға, жат ағымдардың жетегінде кетпеуге шақырды.