Жамбыл облысында тау шатқалы өртеніп жатыр

0 3

Жамбыл облысында төтенше жағдай қызметкерлері 2 тәуліктен бері қызыл жалынмен күресуде. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Қырғызстанның таулы аймағынан басталған тілсіз жау өңірдегі «Ұзын бұлақ» шатқалына жеткен. Бүгінгі күнге дейін 500 гектар аумақты өрт шарпыды. Таулы аймақ болғандықтан техниканың от шалған аумаққа баруы қиындық туғызуда. Өрттің өршуіне жел де себеп болған. 500 гектар аумақтағы долана, итмұрын секілді пайдалы бұталардың барлығы күлге айналды. Қызыл жалынның бетін қайтаруға 244 адам мен 32 бірлік техника жұмылдырылды. Ұшақ арқылы әуеден бақылау жүргізіліп жатыр.

ЕРБОЛАТ ТАМАТАЕВ, АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

— Таулы аймақ болғаннан кейін, ол жерге техника бара алмайды. Адамдар жаяу жүреді. Өте қиын болғандықтан, бұл 2 күнге созылып кетті. Қазіргі таңда екі жерде кішігірім өрт болып жатыр, енді соны өшіруге барлық жағдай жасалып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.