Қордай қаласының тұрғындары өңірде қауіпті ұрылардың қаптап кеткенін айтты. Қалада ұрылар түн ішінде үйіңді тонап, адамдардың «құлағы мен саусағын кесіп кетеді» деген әңгіме тарады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA 31 арнаға сілтеме жасап.
Қалада ұрылар бірнеше үйге ұрлыққа түсіп, үш адамды ұрып-соғып, тонап кеткен. Анық болғандай, олар құлақ кесіп, саусағыңнан айырмаса да жәбірленушілердің қолын кескілеп қолтаңбасын қалдырып отырған.
Тұрғындардың айтуынша, олар бет-аузын тұмшалап, ұрлыққа түседі. Әлі бостандықта жүр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Бір науқас Қордайда, екеуі Бішкекте жатыр. Полицияның ұрыларға қатысты жауабы алдағы уақытта шығады.