Балаларын жекеменшік мектепте оқытатын ата-аналар үшін оқыту бағасы төмендейді

0 0

Бұл мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады. Балаларын жекеменшік мектепте оқытатын ата-аналар үшін оқыту бағасы төмендейді,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2018-2019 оқу жылында Астана қаласының Білім басқармасы елордадағы жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Мектепке дейінгі және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәжірибесіне сүйене отырып, жекеменшік мектептер желісін ұлғайту көзделіп отыр.

Жан басына қаржыландыру әдісіне сәйкес, бастауыш сынып оқушылары үшін бір айлық шығындар үшін 13 мың теңге, ал жоғары сыныптарда 21 мың теңге көлемінде қаражат бөлінуі жоспарланған.

Осылайша, ата-ана төлемінің құны жылына 160 мың теңгеден немесе оданда артық қысқарады деп болжануда.

Қазіргі таңда бағдарламаға қатысатын жекеменшік мектептер арасында: «Ақбұлақ» балаларды дамыту орталығы, «Экономикалық лицей», «Алпамыс мектебі», «Нұрорда» мектеп-лицейі және т.б бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.