Жамбыл облысында тұрғындарға күш көрсеткен ұрылар іздестірілуде

0 3

ІІД Қордай тұрғындарын ұрып-соғып, тонап жүрген ұрылар іздестіріліп жатқанын айтты. 20-сы мен 29 шілде аралығында Қордай ауылында ұрылардың қолынан тұрғындар зардап шекті. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бетперде киген ұрылар үйден құнды заттар мен ақша ұрлаған.

Нақтырақ айтар болсақ, 20 шілдеде екі ұры таяқпен зейнеткерлерді ұрып, 100 мың теңге мен 500 евросын алып кеткен. Зейнеткерлер емханаға жеткізілді.

Ал 21 шілдеде пышақ пен газ баллонын пайдаланып, дүкен иесінің үйіне түсіп, 100 мың теңгесін алып кеткен. 59 жастағы әйелге жедел жәрдем қызметі келді.

Сондай-ақ, 29 шілдеде екі ұры 45 жастағы тұрғынның үйіне түсіп, қызын ұрып-соғып, жіппен байлап, 50 мың теңгесін алып кеткен.

Тұрғындар арасында ұрылар адамдардың құлағы мен саусағын кесіп, қолтаңбасын қалдырып кетеді деген әңгіме тараған. Ол шындыққа жанаспайды.

Қазір күдіктілерді іздеп жатыр. Іс облыстық ІДД-нің бақылауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.