Аймақта жыл соңына дейін 15 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі

0 3

Аймақта жыл соңына дейін 15 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда облыс аумағында әлеуметтік сала бойынша 32 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін өңір басшысы мәслихат депутаттары алдында берген есебінде айтты,- деп хабарлайды  «ZhambylNews» AA .

Құрылыс саласындағы негізгі жұмыс Тараз қаласының сәулеттік келбетін қалыптастырудан басталды. Бұл ретте, қала құрылысы кеңесінің жұмысы жандандырылып, «Сәулеттік бюро» мекемесі құрылды. Облыста есепті кезеңде 24 шақырым жаңа шағалды көше жолдарын салу, 384 шақырым жолды орташа жөндеу, 1 көпір құрылысы мен 1 жол өткелін қайта жаңғыртылады.

Сәйкесінше, 3 жыл ішінде қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі толығымен жаңартылады. Бүгінгі таңда облысымыздың 279 елді мекені тұрақты қоғамдық көлік қатынасымен қамтылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 97%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.