Жамбыл облысында шағын индустриялық аймақ құру жоспарлануда

0 24

Жамбыл облысында шағын индустриялық аймақ құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Аспандияр Мұратәліұлы Сейсебаев мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Өңірдің бизнес-климатын жақсарту, өндірістік секторды дамыту — негізгі бағыт.  Осы бастапқы бағытты қолдай отырып, кәсіпкерлер Палатасының бастамасымен түрлі экономикалық саладағы шағын және орта бизнес арасында сауалнама жүргізілді.

— Облыс әкімінің бастамасымен кәсіпкерлер палатасы түрлі экономикалық саладағы және орта бизнес өкілдерінің арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде қандайда бір жобаларды жүзеге асыруда  бос өндірістік алаңдарға деген сұраныс пен кедергілер анықталған. Оның ішінде дайын алаңдар мен жер телімдерінің тапшылығы және жақсы дамыған инфрақұрылымның жоқтығы қолбайлау болып тұр.Шағын және орта бизнес өндірушілерін қолдау үшін ашылатын аймақта жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, қызмет көрсету саласы сынды бірнеше бағыт қамтылады, — деді Ол.

Ең тиімдісі кәсіпкерлер палатасы жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге және сүйемелдеуге әзір. Оның ішінде резиденттер үшін тегін заңгерлік және бухгалтерлік қызмет, қаржыландыру тартуға жәрдемдесу сонымен қатар «Атамекен» бизнес мектебінде оқыту да қарастырылған.

Елімізде шетелдік инвесторларға қызмет көрсететін бірқатар ірі компаниялар бар. Түрлі жобаларға қаржы салуға ниет білдірген кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

Сауалнама нәтижесінде жобаларды жүзеге асыру немесе жаңа өндіріс орындарын дамыту кезінде бос өндірістік алаңдарға деген сұраныспен қатар, кедергілер бар екендігі анықталды. Мəселен, шағын 0,5 гектар жерден 2 гектарға дейінгі жер телімдеріне деген тапшылық, дайын алаңдар, жақсы көліктік қолжетімділік және жеңілдетілген талаптарда коммуникация жеңілдігінің жетіспеушілігі.

Ал құрылатын шағын индустриалды аймақтарда жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік немесе фурнитураны дамытуға жол ашылады. Бұл бизнестің құны 15 пен 30 миллион теңге аралығында болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.