Таразда 6 жасар қыз бесінші қабаттан абайсызда құлап кетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы 8 шілде күні сағат 20:30-да Тараз қаласы Самал (7) мөлтек ауданы, 2 үй мекен-жайында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатының терезесінен ата анасының қарауынсыз қалған 2012 жылы туылған қыз құлап кетті.
Қыз бала ауыр жағдайда Жамбыл облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Онда дәрігерлер жедел көмек көрсетіп, 1,5 сағаттай науқастың өмірін аман алып қалу үшін арпалысты. Өкінішке орай, бүлдіршін қайтыс болды.