Ресейдің Кемеров облысы бойынша өрт сөндіру бірінші отряд қызметінің жетекшісі Андрей Бурсин салғырттық танытты деп айыпталуда. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Айыпталушы тергеу изоляторында өзіне қол салмақ болды.
Бурсиннің жүйкесі жұқарды. Өзіне қол салмақ болғандықтан емханаға жатқызылды.
Естеріңізге сала кетсек, 60-тан аса адамның өмірін жалмаған өрт 25 наурызда болған еді. Жалын 1,5 мың шаршы метрді шарпыды. Құрбандардың 40-ы балалар. Өрт кезінде павлодарлық әйел мен отбасы мүшелері көз жұмды.
Қаза болған 57 жастағы Марина Баранова «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметкері еді. Оның қызы Наталья Устинова мен 4 жастағы немересі Ульяна Устинова да мерт болды.