2019 жылдан бастап оңайлатылған бағдарлама шығады. Ол арнайы қызметкерлердің үздіксіз хабар алып тұруына мүмкіндік береді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл өзгерісті Facebook компаниясының ұсынысымен енгізді. Facebook шындығында WhatsApp-қа иелік етеді.
Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербергтің айтуынша, бұл талапты америкалық билік өкілдері міндеттеген. Сондықтан 2019 жылдан бастап шифрді оңай ашу бағдарламасы енгізіледі. Айтуынша, бұл әдіс лаңкестер мен психологиялық ауытқушылығы бар адамдардың әрекетін алдын алуға көмектеседі.
Сонымен қатар, алдағы уақытта WhatsApp-та жарнама пайда болады. Компания енді әйгілі мессенджер арқылы табыс таппақ.