Ағымдағы жылдың 10 тамызында Шу ауданының Сарғау учаскесіндегі құмды өлкеден «Көкнар-2018» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2,7 келі құрғақ марихуана тасымалдаған Қордай ауданының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ол Шу аудандық ІІБ-не жеткізілді.
Аталған факті бойынша қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес алдын ала тергеу жүргізілуде.