«Нұр Отан» партиясының бастамашылар жобалары аясында жастарға арналған «Коворкинг» орталықтар ашу жобасы бойынша «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының қолдауымен Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында «Коворкинг» орталық ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.
Бұл орталықтың ерекшелігі ауылдық жерде ашылуында, мұнда жастар өз уақыттарының тиімді пайдалану сонымен қатар тегін әлеуметтік желіге кірумен қатар түрлі форматтағы іс-шаралар үйірмелеріне, ұлттық ойындар ойнауға мүмкіндіктері бар.
Жаңа партиялық жоба отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни бірыңғай онлаин кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейді. Бұл орталықтың ерекшелігі- ауылдық елді мекендедер ішінде алғашқы болып ашылуы. Бұған дейін Тараз қаласы және Жуалы, Меркі аудандарының орталығында ашылған болатын.
Төлен Көпбергенов, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының кеңесшісі:
— Қазіргі таңда жастарымыз көбісі қаражат құртатын жерді іздейтін болса, бұл жерде барлығы тегін. Халықтың игілігі үшін осындай партияның бастамасымен ашылып отырған орталық, алда өз қызметін басқа өңірлерде жүргізеді.
Коворкинг сөзі ағылшын тілінен аударғанда — бірге жұмыс істеу деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде уақытты бос өткізбей, көптеген қызықты іс- шараларға, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптар мен зияткерлік ойындарға қатыса аласыз.
Аида Қалисанова, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры:
— Коворкинг орталығында бір мезгілде, бірнеше адамның бір кеңістікті пайдаланатын болғандықтан, аймақтарға бөліп отырмыз. Жастар интернетті пайдалануда түрлі желілерге кіріп өздеріне қажетті ақпараттарды алып, веп камералар арқылы басқа өңірлермен байланыс жасайды.
Орталықты ашуға партия облыстық филиалының төрағасының орынбасары Ш.Тілеумурат, Аудан әкімі Б.Қазанбасов, партия аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Н.Несіпбеков, облыстық Ш.Уалиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Э.Абдимова және аудандық кітапхананың директоры А.Қалисаева ашып тілектерін жеткізді.