Жамбыл облысында 6 айдың көлемінде құрылыстық жұмыстар 51755,7 млн.теңгені құрады

0 9

2018 жылдың қаңтар-шілде айларында құрылыстық жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 51755,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2017 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 110,5%-.ға орындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы Тараз қаласында — 103,3% және облыстың 8 аудандарында: Мойынқұм — 193,9%, Шу — 180,5%, Байзақ — 147,8%, Жуалы — 132,3%, Талас — 114,9%, Т.Рысқұлов — 110,1%, Жамбыл -109,5%,  Сарысу — 106,7% байқалды.

Сондай-ақ, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2017 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 35,7%-ға өсті. Күрделі жөндеу жұмыстар көлемі 13%-ға, ағымдағы жөндеу 48,7%-ға азайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.